Қаржы • 15 Желтоқсан, 2022

Доллар тағы арзандады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қор нарығында доллар бағамы тағы біраз арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Доллар тағы арзандады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 468,56 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 468,52 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір елорданың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,14 теңгеден сатып алынып, 472,40 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 468,88 теңге, сату – 472,07 теңге.