«ҚазАгроҚаржы» АҚ-тан несиеге алған 96,0 млн. теңгенің үстіне өздерінің қалтасындағы 24,0 млн. теңгесін қосып, бүгінде «Манат» шаруа қожалығы 1 гектарға жылыжай ашқан. Голландиялық көкөніс өсіру технологиясы бойынша қияр мен қызанақ өсіреді. Бұдан бөлек 40 гектар жері бар. Тамшылатып суару әдісі бойынша 20 гектар жерге қызанақ, қауын, басқа да көкөністер егіп отыр. Тіпті, сол маңнан арнайы бассейн жасап, егістікке су жеткізу үшін арнайы мотор қойыпты. Жылыжайдың өзінен түсетін табыс жаман емес. Бір метрден 15 келіге дейін көкөніс алады. Барлығы 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өткен жылы осы жылыжайдан 340 тонна қияр алыныпты.
Сонау 1997 жылы құрылған бұл қожалықтың ойға алған тірлігі көп. Соның бірі биыл 2 гектар жерге испан технологиясымен көкөніс өсіретін екі жылыжай соғу. «Жоба құны 272 млн. теңгені құрайды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жылыжайға жалпы құны 11,5 млн. теңгені құрайтын электр желісі тартылып, трансформатор орнатылды. Одан бөлек «Альянс банк» АҚ арқылы рефрижераторлар сатып алуға берілген 30 млн. теңге несиенің 50 пайызы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша субсидияланды», дейді шаруа қожалығының төрағасы Ұзақ Манатов.
Жылыжайдың көкөніс тапшылығын болдырмау, бағаны тұрақтандыруда пайдасы көп. Жалпы алғанда, Жамбыл облысында бүгінде 27,2 гектарды құрайтын 405 жылыжай бар. Бұлар ішкі қажеттіліктің 32 пайызын қамтып отыр. Биыл жылыжайларды тағы да 13 гектарға арттыру, ал, 2015 жылы жалпы аумағын 72 гектарға жеткізу жоспарда бар. Сонда ғана жамбылдықтардың сұранысын толық қанағаттандыруға болады. Сондай-ақ, маусымаралық кезеңдерде жеміс-көкөніс өнімдеріне деген қажеттілікті толық қамту үшін сыйымдылығы 67,5 мың тоннаны құрайтын қоймалар қажет. Бұл мәселе де арнайы бағдарлама бойынша 2016 жылға дейін шешімін табады.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35