Білім • 16 Желтоқсан, 2022

Мажарстан 250 грант бөлді

259 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындары 250 білім гранты ұсынылады. Бұл – Қазақстан мен Мажарстан арасындағы келісімнің нәтижесі.

Мажарстан 250 грант бөлді

 

Мажарстанда тегін оқу конкурсына қатысу үшін құ­жат қабылдау биылғы 12 жел­тоқсанда басталып, 2023 жылғы 18 қаң­тарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.

«Биыл үкіметаралық ке­лісім­дер шеңберінде бө­лін­ген гранттар бойынша конкурстық іріктеу­дің ере­желері жетілдірілді. Ха­лық­аралық бағдарламалар ор­та­лығының бастамасымен кон­курс­тық іріктеуде ауылдық жер­лер­ден үміткерлер үшін артық­шылықтар енгізілді. Сонымен бірге үкіметаралық гранттардың түлектері үшін еңбекпен өтеу мерзімі үш жыл­дан бір жыл­ға дейін қыс­қартылды», деп хабарлады «Халықаралық бағдар­ла­малар орталығы» АҚ бас­қар­ма төрағасы Әнуар Жанғозин.

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағ­дар­ламалар бойынша 250 грант ұсынып отыр:  бакалавриат – 110 орын; магистратура – 90 орын; бакалавриат магистратура – 30 орын; докторантура – 20 орын.

Грант мажар тілі курста­рынан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, ме­ди­циналық сақтандыру шы­ғындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайын­ғы стипендия төленеді.

Оқу ағылшын және ма­жар тілдерінде өтеді. Ма­жар тілін біл­мейтін қазақ­стандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі критерийлер: Бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестат орташа ба­лының немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылы бойынша ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дип­лом орташа балының 5.0-тен 4.0 балына сәйкестігі; Магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман/дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы таранскриптің орташа балының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі; Доктор дәрежесін алуға үміткер­лер үшін – магистр дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскриптің орташа балының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі; Ағылшын тілінде оқу үшін кемінде IELTS 9.0-дан 5.5, TOEFL 120-дан 46 деңгейдегі қолданыстағы сертификаттар болуға тиіс.

Еске сала кетейік, жыл сайын үкіметаралық гранттар аясында отандастарымызға Еуропа мен Азияның үздік ЖОО-ларында бакалавриат, магистратура және докто­рантура бағдарламалары бо­йынша тегін оқуға 500-ге жуық грант ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024