Жүректер лүпіл қағады. Мектеп партасының соңғы сынағы. Енді үлкен өмір баспалдағына жол ашады. Ағымдағы жылдың 4 маусымындағы тест тапсыруға 24104 түлек қатысып, өздерінің бағын сынады.Үлкен дайындықпен келген бұл күнгі дүбірлі дода 60 тест тапсыру орталығында есігін айқара ашты. Жыл сайынғы үздіге күткен бұл күнге 10 талапкер тәртіп бұзғаны үшін аудиторияға жіберілмеді. Талапкерлердің қалталарынан 11046 ұялы телефон, 7533 шпаргалка алынса, олардың жанынан 438 калькулятор шығып отыр. Сондай-ақ 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флешка, 17 wi-fi тағы бар.
Сынақтың қыза түскен үшінші күнінде қорытындыны саралай келгенде алдындағы екі күнде қол жеткізген ең мәртебелі 125 балға ешкім қол жеткізе алмаған. 4018 түлек 100-ден астам балл жинаған. Бұл осы күнгі сынның 16 пайызын құрап отыр. Ал өткен жылы, яғни, 2013 жылы3231 талапкер мұндай пәтижеге қол жеткізіп еді. Ол дегеніңіз, 12,6 пайыз көрсеткішті айғақтар еді. Салыстырмалы түрде алсақ өткен жылмен алғанда ілгерілегеннің сәл ғана байқалғанын бағамдар едік.
Үшінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 77,1-ді құраған. Бұл бағам өткен, 2013 жылы 74,8 балл болып еді. Салыстыра қарағанда сәл ғана алға жылжығанымызды байқаймыз. Ең төменгі көрсеткіш деп саналатын 50 балды 5829 түлек жинаған. Ал былтырғы жылы бұл көрсеткіш 7436 екен. Бұл көрсеткіштер салыстырмалы алғанда ҰБТ жоғары деңгейде ұйымдастырылды дей аламыз. Жас түлектердің талабына нұр жаусын! Жастарды болашақта биіктерден көре беруге жазсын, – деп тілейік.
«Егемен-ақпарат».