Әлем • 17 Желтоқсан, 2022

Анджелина Джоли БҰҰ-дағы қызметінен кетеді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ-да жиырма жыл жұмыс істеген америкалық актриса Анджелина Джоли Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БҰҰ БЖКБ) арнайы өкілі қызметінен кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анджелина Джоли БҰҰ-дағы қызметінен кетеді

«Бүкіл әлем бойынша күштеп қоныс аударылған адамдардың құқықтарын қорғайтын комиссиядағы 20 жылдан астам адал жұмысынан кейін Анджелина Джоли БҰҰ БЖКБ арнайы өкілі ретіндегі қызметін аяқтайды», деп жазылған ұйымның веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде.

«Біз оған ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегі үшін алғыс айтамыз», деді Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди.

Актриса 2001 жылдан бері БҰҰ БЖКБ-де жұмыс істеп келеді. Ал 2012 жылы ол ұйымның арнайы өкілі болып тағайындалды.

Айта кетейік, мәлімдемеде актрисаның БҰҰ қызметкерлерімен бірге Йемен мен Буркина-Фасоны қоса алғанда, 60-тан астам дала миссиясын орындағаны айтылған.