Әлем • 17 Желтоқсан, 2022

Путин дүйсенбі күні Минскіге барады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі, 19 желтоқсанда Минскіге Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу үшін барады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Путин дүйсенбі күні Минскіге барады

Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Тәуелсіздік сарайында жоғары деңгейдегі Беларусь-Ресей келіссөздері өтеді. 

«Келіссөздер бағдарламасы өте бай. Оған мемлекет басшылары, сондай-ақ екі елдің үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысады. Бұл форматта тараптар Беларусь-Ресей интеграциясының ең өзекті мәселелерінің барлық кешенін егжей-тегжейлі талқылайды», делінген хабарламада. 

Одан кейін президенттер келіссөздерді жеке форматта жалғастырады.