Бұл күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста жауын–шашын (жаңбыр, қар) болады. Моңғол антициклонының әсерінен еліміздің орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау, Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі.