Антикор мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.
15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.
Сатыбалды Гүлмира және оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.
Сатыбалды Гүлмираға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.