Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2022

Қалың қар түсті

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі бес жылда Өске­мен­де мұндай қалың қар жау­маған. Бір метрге жуық түскен қардан аяқ алып жүру мұң болды. Көлік­тер­дің қозғалысы да қиын­даған. Бүкіл қаладағы қарды тазарту үшін 86 техника мен 150-ден аса адам жұ­мыл­дырылған екен. Соның өзін­де күреп үлгер­мей жатыр.

Қалың қар түсті

Суретті түсірген автор

Қолайсыз ауа райына байланысты 14 желтоқсан күні Өскемен қаласы мен Глубокое ауданындағы орта мектептердегі барлық сыныпта сабақтар қашықтан оқытуға көшірілді. Тіпті ересек­тердің өзі жұмысқа кешігіп жеткен. Айтып өткендей, онсыз да сирек жүретін қоғамдық көліктер бұл күндері қатынауын мүлдем сиреткен. Ал аялдамалардың көбін қар басып жатты. Жолдағы қар толық тазаланбағандықтан, кейбір автобус жүргізушілері рейс­ке шығудан да бас тартқан.

– Бүгін бізде қаншама автобус жүргізушілері жұмысқа шыққан жоқ. Өйткені жолдар күрелмеген, жасқанамыз. Күрелмегенімен қоймай, жолдар тар. Аялдамада айнала алмайсың. Қар деген тау төбе, – дейді автобус жүргізушісі Болат Мүсекенов.

 «Таза Өскемен» КМК директоры Асхат Тәженовтың айтуынша, кейінгі екі аптадан бері қар күн ара толассыз жауған. Ал соңғы екі-үш күнде қалыңдығы бір метрге жетті.

– Мұндай қалың қар бес-алты жыл бұрын жауған. Сондықтан төрт-бес жылда бір түсетін қар үшін техниканың санын кө­бейту тиімсіз. Тұрғындар сәл шыдам­дылық танытса, бәрі реттеледі, – дейді А.Тәженов.

Сондай-ақ бұл күндері Өске­мен – Алтай бағытындағы күре жолға шектеулер енгізілді. Қар­лы бораннан соң аяз түсті. Сино­п­тиктердің болжауынша, биыл қыс қатты болатын секілді.

 

Шығыс Қазақстан облысы