Бірінші оқылымда депутаттар денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасын талқылайды. Тиісті заң жобасында 2025 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу көзделеді, ол денсаулық сақтау субъектісі мен медицина қызметкері арасындағы тең үлесте жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекске медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкциясын және жаза мерзімдерін азайту бөлігінде өзгеріс енгізілу ұсынылады.
Екінші оқылымда депутаттар еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қарайды.
Сонымен қатар Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша Парламент депутаттарының бастамасымен енгізілген түзетулерді де қарайды. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар басқару органдарының басқару нысанын өзгерту кезінде жинақталған ақшаны аудару міндетін белгілеуге, паркингтің немесе тұрақ орнының конструктивтік бөлігі мен функционалдық мақсатын өзгертуге тыйым салуға және басқа да маңызды нормаларға бағытталған толықтырулар мен өзгерістер енгізді.
Сонымен қатар Мәжіліске бірқатар ратификациялық заң жобасын қарау ұсынылды. Олар: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары.
Алдағы жалпы отырыста палата комитеті Қырғыз Республикасымен шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алуды көздеп отыр.