Жол апаты салдарынан 8 жастағы бала қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр.
Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жолды жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандармен әңгіме жүргізілді.
Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.