Футбол • 20 Желтоқсан, 2022

Лионель Месси 2022 жылдың үздік спортшысы атанды

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентиналық спортшы және 2022 жылғы футболдан өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы Лионель Месси BBC Sports тұжырымы бойынша 2022 жылдың үздік спортшысы атанды. Аргентина құрамасының капитаны мен көшбасшысына арнайы Personality World Sport Star сыйлығы табысталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лионель Месси 2022 жылдың үздік спортшысы атанды

BBC Sports жазғандай, бұл сыйлық жыл бойы әлемдік деңгейде ең маңызды жетістікке жеткен спортшыға беріледі. Аргентина құрамасында ойнаған Лионель Месси 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын жеңіп, турнирдің үздік ойыншысы атанды. Қатарда ол қарсыластар қақпасына жеті гол соқты, оның екеуі финалда Франция қақпасына соғылды.

Сонымен қатар аргентиналық ойыншы футболдан әлем чемпионатының бірқатар рекордын жаңартты.

Өткен жылы Рэйчел Блэкмор (Ирландия) BBS нұсқасы бойынша әлемнің үздік спортшысы атанған еді.