Қоғам • 20 Желтоқсан, 2022

Қазақстандағы TikTok үздік блогерлерді анықтады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқа бейнелерді жасауға және көруге арналған TikTok қосымшасы жыл қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы TikTok үздік блогерлерді анықтады

TikTok платформасы 2022 жылы қазақстандықтардың шығармашылығын шыңдауға, креативті бейнелер түсіруге көмектесті. 

TikTok дарындарды дамыту бағдарламасында және Креаторлар академиясында контент авторларын қолдады. Платформа қолданушылары #УчисьвТикТок және #УчителяКазахстана науқандарына қатысып, онда өз білгенімен бөлісіп, жаңа дүниелер үйренуге мүмкіндік алды.

Тикток киноакадемиясы және #TravelKazakhstan байқауы қазақстандықтарды саяхат әлеміне бастады. Көпшілік қауым «Мен чемпион», «Жақсылық марафоны» және «Ең алдымен менталдық әл-ауқат» жобалары арқылы айналасына жақсылық жасап жарысты. 

ш

Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналарына арналған арнайы отбасылық нұсқаулық шықты.

2022 жылы Қазақстанда жаңа жұлдыздар мен жаңа үрдістер дүниеге келді, олар миллиондаған адамдарға оң әсер етті.

Қазақстандағы танымал роликтер:

@beka_asmr - ТикТоктағы негізгі аспаздық үрдіс: маклюбе дайындау.

Сондай-ақ  @helena_zolotukhina, @sambussinov, @adaiteam және @assolyaa қараңыз.

Қазақстандағы үздік танымдық роликтер:

@aks.dani - Математика мәселесін шешуге арналған лайфхак.

Сондай-ақ @maksat_english, @fancy_smth, @nurqojadua және @jump2mars парақшаларын көріңіз.

Қазақстанның басты хиттері:

Qanay - Boztorgaiym, ALTAIR x ABBI - QAZAQ VIBE, Jah Khalib - Доча, FatBelly — Без тебя, Ирина Кайратовна - NE ÁŃGIME?

Қазақстандағы TikTok-тың жыл серпілісі:

@wannabeteacher - ең танымал TikTok мұғалімдерінің бірі Ұлан Үсенов химияның қаншалықты көңілді және қызықты болатынын көрсетеді.

Сондай-ақ  @pardaevcook, @farakicks, @skin_delicious_kz және @bakosh_life парақшасын қараңыз.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51