Спорт • 21 Желтоқсан, 2022

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде жеңіске жетті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан World Tennis League командалық көрме турнирінде дүниежүзінің бесінші ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде жеңіске жетті

Елена Рыбакина Hawks командасында (Александр Зверев, Доминик Тим, Анастасия Павлюченкова), ал Арина Соболенко Falcons командасында (Новак Джокович, Григор Димитров, Паула Бадоса) өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші бұл кездесуде 0:6, 6:1, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 56 минутқа созылды.