19 желтоқсанда сағат 22.05-те полицияға Ғ. Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
«Жедел іздестіру іс–шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу кезінде оның екі кәмелетке толмаған баласы бары анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.