Қоғам • 21 Желтоқсан, 2022

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

«20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың мамырында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Сол уақытта А. Мұхамедиұлы Ұлттық музейді басқарды. 28 мамырда соттың санкциясымен оған қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты «Алтын адамның мұражайлары арқылы өтуі» халықаралық көрмесін өткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тергеу жүргізді.