Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2022

Әлихан Смайылов Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

Республикадағы ағымдағы экономикалық ахуал, Үкіметтің инфляцияны төмендету, білім беру және денсаулық сақтау салаларында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, жалпы экономиканы дамыту жөніндегі шаралары, сондай-ақ келесі жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

Сонымен қатар тараптар инвестициялар тарту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша әңгіме өрбітті.