Оқиға • 21 Желтоқсан, 2022

Павлодарда алты жасар бала өрттен қайтыс болды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда бес бөлмелі пәтер толығымен өртеніп, алты жасар бала қайтыс болды. Зардап шеккендер де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда алты жасар бала өрттен қайтыс болды

«101 пультіне Алтайская көшесі, 9/2 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Бес бөлмелі пәтердің шатыры опырылып түскен. Екі бөлмелі пәтердің іргелес қабырғалары, жалпы алаңы 150 шаршы метрді құрайтын шатырдың ағаш конструкциялары жартылай опырылған», деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өрт сөндіру кезінде 2016 жылы туған баланың мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер №3 пәтерден 50 литрлік екі газ баллоны мен №4 пәтерден 50 литрлік бір газ баллоны шығарылды. 

Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

Өрт сөндіруге 40 өрт сөндіруші мен тоғыз техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.