Елорда • 21 Желтоқсан, 2022

Елордадағы «Ататүрк» саябағында шырша шамы жағылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шыршаның салтанатты жағылу рәсіміне аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев, аппарат қызметкерлері, ауданның тұрғындары мен балақайлары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы «Ататүрк» саябағында шырша шамы жағылды

Алаңда Аяз ата мен ақшақар, сондай-ақ басқа да ертегі кейіпкерлері мен түрлі аниматорлардың көңілді бағдарламалары шараны жандандыра түсті. Бұдан бөлек, алаңға келген балақайларға тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік отшашу да кештің сәнін кіргізді.

Шыршаның ұзындығы 6 метрді құрайды.

Сондай-ақ шыршаның жағылуымен қатар, саябақта сырғанақтар мен мұз айдындары іске қосылды. Аталған мұз айдындары мен сырғанақтарда қала тұрғындары қыс маусымының соңына дейін көңіл көтере алады.