Ағылшын тілінде жарық көрген кітаптың тұсаукесеріне Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева, кітап авторы Лиз Уэлш, шығарма кейіпкері бүркітші Айшолпан Нұрғайып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаяр қатысты.
«Бүгін тамаша сәт. Бұл қазақтың рухын көтеретін тағы бір жақсы туынды деп ойлаймын! Енді бұл туындыны қазақ тіліне аударып, қалың жұртшылыққа жеткізуіміз керек», деді Аида Балаева.