ANTIKOR • 22 Желтоқсан, 2022

«Қазгеология» басшылығына қатысты тергеу басталды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгеология» басшылығына қатысты тергеу басталды

«Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деген күдікке ілінді», делінген ведомство хабарламасында.

Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.