2019 жылы елордада 150 проблемалы үй және 16 мыңнан астам үлескер отбасы болды.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында бүгінде 120 үйдің құрылысы аяқталып, 13 мыңға жуық үлескер отбасы тұрғын үй алды. 2023-2024 жылдары қалған 8 нысанды немесе 30-дан астам үйді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 4 мың үлескер отбасы», деп түсіндірді Есет Байкен.
Әрбір нысан бойынша қаржыландыру көздері айқындалған тетік бар.