Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2022

Алматы облысының судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алмакүл Түменбаева өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Талдықорған қалалық сотында Алматы облысы бойынша МСЭҚК судьясы Алмакүл Түменбаеваға, кәсіпкер П.-ға, сондай-ақ делдал А. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алмакүл Түменбаеваға алаяқтық жасады деген айып тағылды. П.- жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамға делдал арқылы қомақты мөлшерде пара беруге әрекеттенген. А. мен Ж. пара алу бойынша делдалдық еткен.

Сот, Түменбаеваның медиаторлар Ж. және Т.-ға көрінеу жалған ақпарат бергенін, оған сәйкес Алматы облыстық сотының апелляциялық сатысында оның шешімін өзгеріссіз қалдыруға ықпал ете алатынын анықтады.

ЖШС директоры П. делдал арқылы қомақты сомада 3 миллион теңге көлемінде пара бермек болған.