Оқиға • 23 Желтоқсан, 2022

Таразда зауыт жұмысшысы тірідей өртеніп кетті

2083 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы «Запчасть» АҚ-ның металлургиялық цехында болған оқыс оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда зауыт жұмысшысы тірідей өртеніп кетті

Оқиға 10 желтоқсан күні сағат 7:32-де «Запчасть» АҚ металлургиялық цехында болды. Металл балқыту процесінде 50 жастағы жұмысшы балқыту пешіне ілмекпен темір бөлігін итеріп жібермек болған. Бірақ ілмекпен бірге өзі де құлап кетіп, оның денесі толығымен күйіп кеткен.

«Болат балқытушының көмекшісі болған 1972 жылғы ер адам белгісіз жағдайда балқыту пешіне құлап, сол жерде қайтыс болды», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

2022 жылғы 20 желтоқсанда Ақсу ферроқорытпа зауытының балқыту зауытында апат болды. Конвейер жабдықтарына қызмет көрсету кезінде сантехник жарақат алды. Ер адам ауруханада көз жұмды.