Қазақ поэзиясы дегенде, жұрттың есіне әуелі Абай түссе, ал орыс поэзиясы айтылғанда, алдымен Пушкиннің бейнесі көз алдыңа келетіні рас. Тұлғаларды тарих тұтастырады. Соған дәлел ретінде Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Абай және Пушкин» атты музыкалық кешті мысалға келтіруге болады.
Осы орайда қазақ пен орыс ақынын тұтастырып, шығармашылық шырайына арқау еткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбайдың өлшеусіз тер төгіп жүргенін айтуға тиіспіз. Бүгінде университеттегі «Кәусар» мәдени-танымдық орталығының жетекшісі қызметін атқаратын әншінің Абай және Пушкин өлеңдеріне жазылған қазақ, орыс композиторлары шығармаларын бір мүддеге тоғыстырып, ақындар жырындағы жақындықты халыққа жеткізу үлгісі өте нанымды. Өнер кешінде К.Мыржықбай қос ақынның сөздеріне жазылған таңдаулы әндерді талмай шырқады. Сахнадан әуелеген Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», Римский-Корсаковтың «Грузия жоталарында», М.Ыбыраевтың «Қансонарда», Т.Шапайдың «Есіңде бар ма, жас күнің?», М.Глинканың «Бұлқынып қанда құштарлық оты», Н.Тілендиевтің «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», С.Рахманиновтың «Ән салма сұлу, мен барда», А.Даргомыжскийдің «Жігіт пен қыз», С.Мұхаметжановтың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», Б.Шереметьевтің «Сүйдім сізді...», М.Маңғытаевтың «Өлсе өлер табиғат...», Е.Рахмадиевтің «Қазағым, қайран жұртым» әндерінен ақын мұраларына деген жаңаша тыныс аңғарылды. Гете, Лермонтов, Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнінің үш тілде қатар орындалуының өзі тілге ғана емес, әр халықтың жауһар құндылығына қатар көрсетілген жоғары құрмет еді. Сахналық тамашаны зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен қонақтар жастармен қатар отырып қызықтады. Ең ғажабы, олардың бәрі қай буынның болсын жанына жақын, жүрегіне ыстық, құлағына таныс болып құйылып жатты.
«Егемен-ақпарат».

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13