Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2022

Белгілі көз хирургы Серік Жұмабаев өмірден озды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жетекші көз хирургтарының бірі - Серік Ембергенұлы Жұмабаев 63 жасында қайтыс болды. Ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі көз хирургы Серік Жұмабаев өмірден озды

Серік Жұмабаев - ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2008 жылы Қазақстанның үздік офтальмологы атанған.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасы» ШЖҚ МКК жоғары біліктілік санатты офтальмолог-дәрігері болған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы көз аурулары ҚазҒЗИ-де дәрігер-интерн болып бастаған. Кейіннен Торғай облысының ауданаралық көз бөлімін басқарды. Алматы қ. көз аурулары ҚазҒЗИ базасында екі жылдық клиникалық ординатурадан өтті. Көз аурулары ҚазҒЗИ республикалық лазерлік орталығының офтальмолог-дәрігері болып жұмыс істеген. Торғай облыстық ауруханасының көз бөлімінің меңгерушісі болған.

Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасының стационарлық бөлімшесін басқарды.

Ол 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда лазерлік хирургияны дамытып, торлы қабықтың бөлінуіне байланысты операцияларды, катаракта мен глаукоманы жедел емдеудің заманауи инновациялық технологиясын енгізді.

Серік Жұмабаев офтальмохирург дәрігерлердің бірнеше буынын тәрбиелеген.

Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.