Қысқы фестиваль 25 желтоқсанға дейін жалғасады.
Бір апта ішінде EXPO көрме орталығының жанындағы мұз қалашығы елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орын болады. Мұнда конькимен сырғанап, мүсіндер мен фотоаймақтар жанында суретке түсуге болады, сол сияқты қысқы іс-шараларға қатыса аласыз – аниматорлардың ойын-сауықтары мен ойындары, би жарыстары, арқан тарту, балаларды коньки тебуге үйрету, эстафеталар және т.б. ұйымдастырылады.
Фестивальге келушілер іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықтар ұтып ала алады.
Демалыс күндері, яғни 24 және 25 желтоқсанда аниматорлар балалар үшін ертеңгілік өткізеді, кәсіби мамандармен коньки тебу сабақтары ұйымдастырылады.
Қысқы фестиваль соңында ұйымдастырушылар келушілер арасында жүлделер ұтыс ойынын, қазақстандық жұлдыздардың: JanSax саксофоншысы, Нормат Досымханның тик-ток жұлдыздары, Mona Songz, Colorit орындаушылары және BIP House алматылық тик-токерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізеді.