Спорт • 25 Желтоқсан, 2022

Елена Рыбакина Дүниежүзілік теннис лигасында жеңіске жетті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Hawks әлем жұлдыздарының құрамына кіретін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өткен әлемдік теннис лигасының турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Дүниежүзілік теннис лигасында жеңіске жетті

World Тennis League-2022 финалында Hawks командасы Kites командасын 37:25 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші өзінің жасағы үшін бірінші және маңызды ұпай әкелді, ол әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді.

Елена Рыбакина (Hawks) – Ига Швентек (Kites) - 6:3, 6: 1

Феликс Оже-Альяссим (Kites) – Александр Зверев (Hawks) – 6:4, 6: 3

Доминик Тим / Анастасия Павлюченкова (Hawks) – Холгер Руне / Саня Мирза (Kites) – 7:6(4), 6:3.