Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық Ига Свиатек сақтап қалды. Екінші орынды Тунис өкілі Онс Джабер, үшінші орынды америкалық Джессика Пегула иеленді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 21-орында тұр. Юлия Путинцева 51-орында.
Жұптық сайыста чехиялық Катерина Синякова, ресейлік Вероника Кудерметова және тағы бір чех спортшысы Барбора Крейчикова көш бастап тұр.
Қазақстандық Анна Данилина 11-ші болып қалды, Жібек Құламбаева бір позицияға төмен түсіп, 202-орынға жайғасты.