Елордалық ТЖ департаментіне өрт туралы хабарлама 25 желтоқсан күні сағат 12:36-да түскен. Он екі қабатты «Sezim Qala» тұрғын үй кешенінің алтыншы қабатында пәтердің ас үйінде тоңазытқыш пен есіктің ойығы өртенген. Өрт сөндірушілер өртті сағат 12:58-де сөндірді.
«Құтқарылған ұл мен қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық», деп хабарлады Астана қалалық ТЖ департаментінен.
Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 19 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды.