Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2022

Алматы облысының 35 мыңнан астам тұрғыны көлік салығын төлемеген

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 23-25 желтоқсан аралығында Алматы облысы бойынша республикалық маңызы бар күре жолдардың бойында «Борышкер» атты рейдтік іс-шара жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының 35 мыңнан астам тұрғыны көлік салығын төлемеген

Рейдтік іс-шараны Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысымен, Алматы облысының Ішкі істер департаменті және Алматы облысы бойынша Жеке сот орындаушылар палатасы жүзеге асырып жатыр.

Шара барысында көлік құралдары салығын төлемеген жеке тұлғалардың автокөліктері айып тұрағына қойылып, салығын төлету жұмыстары атқарылады.

Бүгінде Алматы облысы бойынша 35 461 жеке тұлғаның 2,1 миллиард теңгелік берешегі бар. Жыл басынан бері жеке сот орындаушыларына 1,3 миллиард теңгеге 42 217 салықтық бұйрық шығарылды.

Жыл басынан бері 153 690 жеке тұлғадан 2,6 миллиард теңге салық өндірілді. Қазір бұл бағытта заңға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл облыс бойынша 150 217 жеке тұлғалардың 442 165 автокөліктеріне 6,5 миллиард теңге есептелді. Бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті бюджетке 6,2 миллиард теңге түсті.