Экономика • 26 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы арзандады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы арзандады

Күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 461,10 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 24-26 желтоқсандағы ресми бағамы бір долларға 461,97 теңге болды.

Kurs.kz дерегінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 463 теңге, сату – 468 теңге.

Астананың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 462 теңгеден сатып алынып, 465 теңгеден сатылып жатыр.