Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022

200-ге жуық бала жас патриоттар қатарына қосылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар студиясының тәрбиеленушілері «Жас сарбаз» республикалық қозғалысына қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

200-ге жуық бала жас патриоттар қатарына қосылды

Салтанатты іс-шара Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Оған Қарулы күштердің ардагері отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, «Medi» шығармашылық орталығының продюсері, хор жетекшісі әрі вокалисі Халипа Боқанова, «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, балалар студиясының педагогтері мен шығармашылық ұжымы қатысты.

Оқушылар салтанатты жағдайда ант беріп, жас патриот куәлігін алды.

- Сендерді осы маңызды оқиғамен құттықтаймын! Бүгінде бүкіл еліміз бойынша 250 мыңнан астам адамды біріктіретін үлкен ұжымға қосылып отырсыңдар.  Оқуда озат болыңдар, шығармашылықта сәттілік тілеймін! Отанымыздың лайықты азаматы болып өсіңдер, - деді Мейірбек Меңдіғалиев.