Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2022

Қарағандыда заңсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында республикалық «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда заңсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды

Жедел алдын алу іс-шарасына рейдтік топтар құрылып, олар 86 алдын алу іс-шарасын жүргізді. Жұмыстың алғашқы күні пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 13 фактісі анықталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсызсауда жасау) бойынша хаттама толтырылды.

«Барлығы 842 мыңға айыппұл салынып, 214 пиротехникалық өнім тәркіленіп алынды. Мәселен, Қарағанды қаласындағы базарлардың бірінен ешқандай құжатсыз пиротехникалық өнімдер сатқан екі адам анықталды. Олар осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 196-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Біреуінен 27 тиым салынған зат алынса, екіншісінен көлігінің жүк салғыш бөлігінде сатылып жатқан 17 пиротехникалық зат тәркіленді», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ Теміртау қаласында 41 жастағы қала тұрғынымен заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдердің жолы кесілді. Одан 11 пиротехникалық зат тәркіленді. Ал Балқаш қаласында 21 жастағы азамат интернет арқылы пиротехникалық өнімдерді сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері азаматты 8 пиротехникалық өнімді сату барысында назарға алып, жауапкершілікке тартты.