Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022

Мемлекеттік сатып алуларға тек қазақстандық тас өндірушілер қатыса алады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңында» еліміздегі тас өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алуларға тек қазақстандық тас өндірушілер қатыса алады

Аталған кеңес ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаковтың төрағалығымен ZOOM форматында өтті.

Қазір Қазақстан нарығында тас өнімдерін өндіретін 15-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді. Осы жылдың 10 айында өндіріс көлемі 658,4 мың тоннаға жетті. Осы бағытта өндірушілермен 2022 жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Ведомство өкілінің айтуынша, биыл еліміздің аумағына тек сертификаттаудан өткізіліп, импортталған тас өнімдерін (жиектер, төсеніштер, қабырға материалдары және т.б.) әкелу мәселесі шешілді.

Сондай-ақ отандық тас өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында осы жылдың 24-ші тамызынан бастап Үкіметтің №606 қаулысы күшіне еніп, соған сәйкес тек отандық өндірушілерге ғана мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігі беріліп отыр.