Хоккей • 27 Желтоқсан, 2022

Астаналық «Барыс» «Авангардтан» ұтылды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчын сырт алаңда Омбылық «Авангардпен» өткізіп, 2:5 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Астаналық «Барыс» «Авангардтан» ұтылды

Ойын басталмай тұрып, қазақстандық клуб лиганың Шығыс конференциясының сегізінші қатарында, ал ресейлік клуб төртінші қатарда болды.

Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды: Бояркин (Шутов) – Грант-Бекетаев, Луи-Вей-Михайлис; Данияр-Грэм, Бракко-Шестаков-Савицкий; Мищенко-Григорьев, Шевченко-Сагадеев-Петухов; Ғайтамиров-Қайыржан, Әсетов-Шайхмедденов-Рахманов.

Алаң иелері жиі шабуылдап, бірінші кезеңде есеп ашты. Оған Линден Вэй жауап берді. Бірақ кейін олар қайтадан алға шықты. Ойынның екінші бөлігінің басында Егор Петухов жағдайды теңестірді, бірақ Сергей Толчинский өз клубының минималды артықшылығын қайтарды. Соңғы жиырма минутта Авангард есеп айырмасын ұзартты – 5:2.

28 желтоқсанда Новосібірде «Барыс» «Сібірмен» кездеседі.