Елорда • 27 Желтоқсан, 2022

Елордада тағы 13 мектеп салынады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биылғы оқу жылында 9 мектеп қолданысқа берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада тағы 13 мектеп салынады

«Оқу орындарының құрылыс барысымен таныстым. Биылғы оқу жылында тағы 9 мектепті қолданысқа береміз. Мәселен бұл Рысқұлов көшесіндегі, Р.Қошқарбаев даңғылындағы, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысындағы, Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы және т.б. мектептер. Көктемде іргелес аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырдым», деп жазды Ж.Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, алдағы оқу жылында тағы 13 мектеп салынады. Мұндай мектептің әрқайсысы 4 мың оқушы орнын (2 ауысымда) ашуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушы орындарына деген қажеттілік мәселесі едәуір шешіледі.

а

Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымда) арналған жаңа форматтағы 25 мектепті жобалау жұмысы жүргізіледі. Жаңа форматтағы мектептердің құрылысы 2023 жылы басталады.

а

«Балабақша мәселесіне де көңіл бөлеміз: жақында Есіл ауданында (Күлтегін көшесі) мемлекеттік балабақша ашылды. Сол сияқты келер жылы жеке балабақшаларға 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыруды жоспарлап отырмыз, осы арқылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көлемін арттырамыз», деп жазды елорда әкімі.