Әлем • 27 Желтоқсан, 2022

АҚШ-та қарлы бораннан қаза тапқандар саны 57-ге жетті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рождестволық мерекелер кезінде АҚШ-тың басым бөлігін қарлы боран басты. Боран салдарынан бүкіл ел бойынша 57 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та қарлы бораннан қаза тапқандар саны 57-ге жетті

Нью-Йорктегі Буффало қаласында  ауа райының қолайсыздығынан 27 адам қайтыс болды.

26 желтоқсанда 150 мыңға жуық американдық электр тұтынушылары электр қуатынсыз қалды.

FlightAware мәліметтері бойынша, АҚШ-тың оңтүстік шекарасынан Канадаға дейін созылған дауыл 8160-тан астам кідірістерге және 4 мыңға жуық рейстердің тоқтатылуына әкелді. АҚШ-тың 12 штатында дауыл болатыны туралы ескертілді.