Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ерлі-зайыптылар 23 желтоқсанда ұсталды. Тінту жұмыстары кезінде олардан есірткі тәркіленді.
«Тұрғылықты жері мен жалға алынған гаражды тінту кезінде ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакеттер табылды. Сараптама қорытындысы бойынша табылған зат салмағы 1,5 кг мефедрон болып шықты», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.