Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2022

Алматы облысының жолдарында фоторадар пайда болды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 желтоқсаннан бастап Алматыда жолдардың апатты және жоғары жылдамдықтағы учаскелеріне «Kris-P» мобильді фоторадар жүйелері орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының жолдарында фоторадар пайда болды

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жүйенің тиімділігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, қала жолдарындағы апатты жағдайларды азайтуға, жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар санын азайтуға, шығынды азайтуға және жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл жүйе «Борышкер» ОПМ-ны дамыту шеңберінде пайдаланылады, оның аясында облыстың барлық аумағында, оның ішінде «борышкерлерді» мақсатты түрде анықтау үшін Kris-P техникалық құралдарын пайдалана отырып, республикалық маңызы бар жолдарда рейдтер жүргізілетін болады.

ПД айтуынша, «Алматы – Көкпек – Көктал» және «Алматы – Бішкек» бағытындағы тасжолда жол апаты көп тіркеледі.