Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022

Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыру туралы заң жобасы мақұлданды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыруды көздейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыру туралы заң жобасы мақұлданды

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы» заң жобасында қамтылған.

Оны Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды. Ол бұл жоба референдумда қабылданған Конституцияға енгізілген түзетулерді орындау мақсатында әзірленгенін мәлімдеді.

«Бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындысы бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтқанда, 2022 жылғы 8 маусымдағы заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес 46-баптың 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, заң жобасында Конституциялық заңның күшін жоғалту көзделеді. Заң жобасын жұмысқа қабылдауды ұсынамын, қолдауыңызды сұраймын», деді Арман Қожахметов отырыс барысында.