Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 29 желтоқсаны мен 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында Fly Dubai авиакомпаниясы Астана-Дубай және Алматы-Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейс жасауды жоспарлап отыр. Ұшулар В-737 типті ұшақтарда орындалады.
Ұшу санының артуы Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн.