Қаржы • 28 Желтоқсан, 2022

Қор нарығында доллар бағамы қымбаттады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қор нарығында доллар бағамы қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,65 теңгеге көтеріліп, 461,23 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің бір долларға арналған ресми бағамы 460,62 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,11 теңгеден сатып алынып, 466,35 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 462,86 теңге, сату – 467,07 теңге.