Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың сегіз жастағы тұрғыны Кәрім Айтжан Алматыда блиц пен рапидтен өткен әлем чемпионатында гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озолды жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді

Латвияның экс-экономика министрі және қаржы министрі, ал қазір FIDE басқарушы директоры Алматы және Астананың шахмат академияларының 24 оқушысымен бір мезгілде ойын сеансын өткізді. Азия чемпионатының қазіргі күміс жүлдегері ұзағырақ қарсыласып, ақыр соңында жеңіске жетті.

Кәрім Астана қаласының тумасы. Қазір ол Қ.Сәтбаев атындағы BINOM мектебінің 3-сыныбында оқиды. Мұғалімдердің айтуынша, Кәрімнің есте сақтау қабілеті ерекше. Сол сияқты жан-жақты қызығушылығы, тапсырмаларды шешуге деген жылдам қабілеті де бар. 8 жастағы гроссмейстер тарихқа, географияға және футболға ерекше қызығады, ал шахматпен бес жасынан бастап айналыса бастаған.

«Шахмат ойнау өзіме қатты ұнайды. Қарсыласымды жеңу қолымнан келді, өйткені ол бастапқыда-ақ фигурасын беріп қойған еді. Осыдан кейін ұзағырақ ойланып, әр қимылымды санап бастым. Әрине, оның шабуылына қарсы тұра аламын ба деп уайымдағаным рас. Бірақ қарсы тұра біліп, эндшпильге көштім. Өзімде екі пешка аз болса да қарсыласымның пешкасын, артынша пілін жеңіп алдым. Сол кезде барып жеңілгеннен басқа амалы қалмағанын білді. Өзімнің жеңісіме сондай қуаныштымын», деп Кәрім ойыннан алған әсерімен бөлісті.