Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2022

Кәдесый жиынтығында «Сақтардың стилі» монеталары шығарылды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық банкі кәдесый блистер жиынтығында «Сақтардың стилі» айналымдағы биколорлы монеталарын шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәдесый жиынтығында «Сақтардың стилі» монеталары шығарылды

«Сақтардың стилі» кәдесый блистер жиынтығында номиналы 100 теңгелік, массасы - 6,45 грамм, диаметрі - 24,5 мм болатын brilliant uncirculated дайындау сапасымен нибрасс/нейзильбер қорытпасынан жасалған биколорлы айналымдағы монеталардың бес түрі бар. Жаңа жиынтық 30 000 дана таралыммен шығады.

Блистер Сакский стиль.jpg

1.«Бұғы». Жалаулы қоймасы. Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғғ.). Көшпенділердің дүниетанымында бұғы төменгі және жоғарғы әлемді байланыстыратын нышанға айналды

1.jpg

2. «Қанатты барыс». Есік қорғаны (біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғ. соңы). Қар барысы – ерлік пен байлықтың символы.

2.jpg

3. «Маска». Шілікті. Шығыс Қазақстан (біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғғ.) Онда отбасы - ошақ қасын қорғайтын үш кескіннің бейнесі: мысық тектес жыртқыш, екі арқар және ұшатын құс маскасы көрсетілген.

3.jpg

4. «Бұғы түріндегі алтын әшекей», Жалаулы, Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғғ.). Қызыл бұғы бейнесі – молшылық пен ұрпақ жалғасының символы.

4.jpg

5. «Бүктетілген барыс». Талды-2. Орталық Қазақстан (біздің дәуірімізге дейінгі VII ғ.). Бүктетілген барыс фигурасындағы сақина пішіні – уақыттың ауысымдық және сыртқы әлеммен үйлесімділіктің белгісі.

5.jpg

«Сақтардың стилі» монеталары – заңды төлем құралы және олар төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті.