Спорт • 28 Желтоқсан, 2022

Магнус Карлсен Алматыдағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Алматыда өткен жылдам шахматтан (рапид) әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Магнус Карлсен Алматыдағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Ол 13 турда 10 ұпай жинап, турнирдің жалғыз жеңімпазы атанды.

Енді 29-30 желтоқсанда Алматыда блиц бойынша әлем чемпионаты өтеді.

Бұған дейін Алматыда жылдам шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионатының «күмісін» Динара Сәдуақасова жеңіп алған еді.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсанда Алматыда шахматтан әлем чемпионаты ресми түрде басталды. Оған әлемнің 50 елінен 290 шахматшы қатысады. Ашық турнирлерге 176 ер адам мен 98 әйел қатысады.

Турнирді Халықаралық шахмат федерациясы мен Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы әкімдігінің, спорт сарайының қолдауымен ұйымдастырды.

Айта кетсек, жүлде қоры 1 млн долларды құрайды.