Сарапшылардың болжамына сәйкес, жаңа сұраныстың үлесі 45%-ды, яғни 867 мың адамды, ал ауыстыру бойынша сұраныстың үлесі 55%-ды, яғни 1 млн адамды құрайды.
Бұл ретте оптимистік сценарий бойынша сұраныс көлемі 2,1 млн адам, ал пессимистік сценарий бойынша 1,8 млн адам күтілетіні атап өтілді.
Өңірлік бөліністе урбанизация мен мегаполистердегі халықтың шоғырлануы жалғасатыны күтіледі. Демек жалдамалы жұмыскерлерге ең үлкен жиынтық сұранысы Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда артады.
«Жалдамалы жұмысшыларға сұраныс 2028 жылы күтілетін ең жоғары деңгейге жеткенге дейін артады, сол кезде болжамды қажеттілік 261 мың адамды құрайды. Бұл ішінара 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру тоқтатыла тұратындығына байланысты. Жалпы алғанда, жалдамалы жұмыскерлерге сұраныстағы өндірістік сектордың (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс) үлесі 27-29%-ды құрайды, ал қызмет көрсету саласының үлесіне тиісінше 71-73%-ды құрайды. Бұл ретте кадрларға ең үлкен қажеттілік – білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару секторына тиесілі болады, онда ол 547-ден 678 мың адамға дейін немесе жиынтық сұраныстың 31-33%-ын құрайды», деп түсіндірді ЕРДО Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.
Тауарларды тасымалдау және бөлу саласында (сауда, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану қызметтері) көрсетілген кезеңде жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 336-дан 384 мың адамға дейін немесе жиынтықтан 18-19%-ға дейін болады деп күтіледі.
Бизнес-қызметтер саласында (ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, кәсіби және ғылыми қызмет, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету) жалдамалы қызметкерлерге болашақ сұраныс 268-ден 314 мың адамға дейін немесе жиынтық сұраныстан 15%-ы бағаланады.
Өнеркәсіпте жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 219-259 мың адам (жиынтықтан 12%), ауыл шаруашылығында – 193-200 мың адам (10-11%), өзге де қызметтер саласында – 105-130 мың адам (6%), құрылыс секторында – 91-111 мың адам (5%) деңгейінде күтіледі.