Тағайындау • 29 Желтоқсан, 2022

Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Конституциялық соттың үш судьясын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің әрбір палатасы Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке дербес тағайындайтынын атап өтті. Ал кандидатураларды Палата Төрағасы ұсынады.

«Осыған байланысты Конституциялық Соттың судьялары лауазымына Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевтың, Асан Қайроллаұлы Ескендіровтың, Айгүл Қуанышпайқызы Қыдырбаеваның кандидатураларын ұсынамын», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат депутаттары судьялардың кандидатураларын қолдады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Азимованы Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді.