Экономика • 29 Желтоқсан, 2022

Көлік комитеті Lloyd's Register Group ұйымымен келісімді тоқтатады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік комитеті тиісті шартты талапқа сай орындамағаны үшін 2023 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап Lloyd's Register Group (LR) шетелдік жіктеу ұйымымен келісімді бұзады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік комитеті Lloyd's Register Group ұйымымен келісімді тоқтатады

Қазір Қазақстанда 286 теңіз кемесі тіркелген. Олардың жіктелуі мен техникалық куәландырылуын Халықаралық теңіз ұйымының (IMO) ережелеріне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетімен расталған Қазақстанның кеме қатынасын тіркеу ұйымы мен осы бағытта маманданыдырылған шетелдік ұйымдар жүзеге асырады.

Бұл орайда ведомствомен 4 шетелдік ұйымның қызметі мойындалған. Олардың қатарында Ресей теңіз кеме қатынасын тіркеу ұйымы (РТКҚТ), Bureau Veritas Marine & Offshore SAS, American Bureau of Shipping (ABS) және халықаралық деңгейде танылып, әлемнің көптеген елінде жұмыс тәжірибесі қалыптасқан RINA S. p.a.  бар.  

Көлік комитеті тиісті шартты талапқа сай орындамағаны үшін 2023 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап Lloyd's Register Group (LR) шетелдік жіктеу ұйымымен арадағы келісімді тоқтатады.

Ведомство өкілдері кемелердің техникалық жағдайына қатысты мәселелер тұрақты бақылауда екенін жеткізді.