Президент • 29 Желтоқсан, 2022

Төтенше жағдайлар ел ішінде мәселе көп екенін көрсетті - Тоқаев

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Сенат отырысында кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар туралы сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар ел ішінде мәселе көп екенін көрсетті - Тоқаев

«Біз экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек. Келесі жылы ІЖӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал, ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен Үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес. Халықтың әл-ауқатын арттыру және елге инвестиция тарту қиынға соғады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу туралы айтты.

«Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керек. Бұл – өңірлік саясаттағы негізгі міндеттің бірі», деді Президент.